Футбол
13 қазан 2021 13:21

"Бізге қарсы көзде отпен шыққан, кейінгі екеуінде күрескен де жоқ". Украиналық маман Қазақстан ойынын сынға алды

©ҚФФ

Футбодан Украина құрамсының бас бапкері қызметін атқарушы Александр Петраков Қазақстан ұлттық командасының 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуінің қазандағы ойындарын сынға алды. Маманның сөзін Terrikon.com беріп отыр. 

Кеше украиналықтар Босния және Герцеговинамен тең түсті (1:1), ал Қазақстан өз алаңында Финляндиядан ұтылды (0:2), бұл қатарынан екінші жеңіліс. Босниялықтардан да осындай есеппен ұтылған едік.

- Украина турнир кестесінде екінші. Мүмкіндіктеріңізді бағамдап көрдіңіздер ме?

- Шынын айтайын, ештеңе есептемедік. Қазақстан - Финляндия матчін тамашаладық. Қазақстандықтар бізге қарсы көзінде отпен шыққан, ал одан кейінгі екі ойында күреспей беріле салды. Босниямен де, Финляндиямен де. Мүмкіндіктер? Біз соңына дейін айқасамыз. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport