"Біздің төрешілер бұлай жамасас еді". Әли Әлиев АПОЭЛ-мен өткен матч жайлы
"Қызыл-Жар" бас бапкері Әли Әлиев Конференция лигасында АПОЭЛ клубымен өткен ойыннан соң баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қызыл-Жар" бас бапкері Әли Әлиев Конференция лигасында АПОЭЛ клубымен өткен ойыннан соң баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге және БАҚ өкілдеріне алғыс айтқым келеді. Нағыз футбол атмосферасын сезіндік. Қарсыластарымыз екінші таймның соңына қарай физикалық тұрғыда шаршаңқырап қалуы тиіс еді. Бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырдық. Біздің тепкен добымыз қақпа бағанасына тиген сәтті айтуға болады... Соған қарамастан ойыншыларыма рахметімді айтамын. Бұл олар үшін жақсы сабақ болды. Енді олардың мақсаты – осындай жоғары деңгейде ойнау болу керек. Кипрліктер өз үйлерінде көрсеткен ойынды қайталады. Вертикальды пастарын көп жасады. Төрешілікке қатысты ойымды айтсам, бас қазы бақылауын жоғалтып алғандай болды. Қажет емес кезде ойынды тоқтатып жатты. Тіпті біздің қазақстандық төрешілер де бұлай жасамас еді", - дейді Әлиев.
Еске салайық, "Қызыл-Жар" Конференция лигасының үшінші іріктеу айналымында қос матч нәтижесі бойынша Кипрдің АПОЭЛ командасына есе жіберді.
Жарнама