Букмекерлер Беларусь пен Қазақстан матчына күтпеген болжам жасады
11 маусым күні елорда уақытымен түнгі сағат 00:45-те Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлтар лигасының үшінші туры аясында Беларусь командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
11 маусым күні елорда уақытымен түнгі сағат 00:45-те Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлтар лигасының үшінші туры аясында Беларусь командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ойын Сербия жерінде өтеді. Ал Беларусь құрамасы қағаз жүзінде алаң иесі ретінде ойнайды.
Аталмыш матчта 1xВet.kz букмекерлік компаниясы Беларусьтің жеңісіне 2.54 коэфициент ұсынса, Қазақстан құрамасының жеңісіне 3.1 ұсынуда. Кездесудің тең есеппен аяқталатынына 3.04 коэфициент көрсетіп тұр.
Еске салайық, Магомед Адиев баптайтын "қаршығалар" С дивизионында алдымен Әзірбайжан ойыншыларын 2:0 есебімен ұтса, қонақта Словакиядан 0:1 есебімен басым түсті. Ал беларусьтер болса Словакия командасынан 1:0 есебімен ұтылды. Артынша Әзірбайжан футболшыларымен 0:0 есебімен тең тарқасты.
Жарнама