Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич үш он жылдықта әлем және Еуропа чемпионаттарында да ойнаған тарихтағы бірінші футболшы болып отыр, деп хабарлайды "Чемпионат".
Модрич мұндай көрсеткішке Катарда өті жатқан әлем біріншілігінде Хорватия командасымен Мароккоға қарсы матчте (0:0) жетіп отыр.
37 жастағы ойыншы төрт әлем чемпионатында (2006, 2014, 2018 бен 2022 жылдары) және төрт Еуропа чемпионатында (2008, 2012, 2016 мен 2020 жылдары) өнер көрсеткен. Хорватия құрамасы үшін Модрич жалпы 155 кездесуге қатысып, 23 гол салған және 25 ассист жасапты. Құраманың ең жоғары жетістігі 2018 жылы Ресейде өткен ӘЧ күмісі.
27 қараша F тобында Бельгия - Марокко, Хорватия - Канада ойындары өтеді.