Бразилиялық шабуылшы қазақстандық қорғаушымен соқтығысып есінен танып қалды

"Сочи" шабуылшысы Жоаозинью ойын кезінде ЦСКА қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен соқтығысып есінен танып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Сочи" шабуылшысы Жоаозинью ойын кезінде ЦСКА қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен соқтығысып есінен танып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Футболшылар допқа таласып жатқан, кенет бразилиялық газонға құлап, есінен танып қалды. Алаңға клубтың медициналық қызметі жүгіріп шығып, ойыншыны алып кетті. Дегенмен, Жоаозиньо 1:1 есебімен аяқталған матчті толықтай ойнап шықты.
Еске салайық, 22 жастағы Зайнутдинов ЦСКА сапында тамыздан бері ойнап келеді. Оған дейін футболшы "Ростов" сапында болған.
Жарнама