Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав "Қайраттың" ақтаулық "Каспиймен" ойынына қатысады, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Алматылық команданың 36 жастағы ойыншысы кездесуді қосалқы ойыншылар құрамынан бастайды. Айта кетейік, матч Қазақстан құрамасының базасында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 17:00.
"Қайрат" Лавпен келісімшартқа қол қойғаны туралы 8 шілдеде хабарлаған. Ал ойыншының өзі трансфер туралы 23 маусымда айтқан болатын.