Подольски Түркияда бұрын да "Галатасарай" үшін ойнаған - 2015 пен 2017 жылдар аралығы. Чемпионатта ол 56 матчте 20 гол салды және 16 ассист жасады. Осылайша ыстамбұлдық клубқа ел Кубогы мен Суперкубогын ұтып алуға көмектесті.
Айта кетейік, 2015 жылы Чемпиондар лигасының жеребесінде "Галатасараймен" бір топқа "Астана" түскенде футболшы әлеуметтік желіде Бораттың суретін жариялаған. Кейін ол бұл посты үшін кешірім сұрады, ал Қазақстандағы матчте футболшыға көрермендер жақтырмағанын білдіріп, ысқырған болатын. Алаңнан кетіп бара жатып Подольски ызаланғаннан су тұрған шөлмекті теуіп кеткен, дегенмен, ойыннан кейін ысқырық бөгет болмады деп мойындамады.