Билектің Қазақстан құрамасынан босатылуының егжей-тегжейі белгілі болды
Чехиялық маман Михал Билек футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды. Бүгін, 18 қарашада өткен жиналыс қорытындысы бойынша осындай шешім шығарылды.
Чехиялық маман Михал Билек футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды. Бүгін, 18 қарашада өткен жиналыс қорытындысы бойынша осындай шешім шығарылды.
"Гол емес" телеграм арнасының мәліметінше, команданың Ұлттар лигасындағы сәтсіздігінен кейін Билекті сөйлесіп, қорытынды шығаруға Федерация кеңсесіне шақырмаған да. "Чехиялықпен келісімшарт автоматты түрде үзілді. Ал келісімді ұзарту мәселесі қарастырылмайды да", - дейді мәлімет көзі.
Ұлттық құрамаға жаңа бапкер ретінде қостанайлық "Тобылды" жаттықтырып жатқан Григорий Бабаян қарастырылып отыр.
Жарнама