"Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның агенті Карим Джазири Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамға шүйлікті, деп хабарлайды "Чемпионат".
Ол футболшы жарақатының ренгенін дәрігерлерге көрсетіпті, мамандар қорытындысы бойынша, форвард әлем чемпионатының 1/8 финал кезеңінен ойнай алған екен.
"Каримнің ренгенін алып, үш бірдей маманмен кеңестім, олар менің сөзімді растады. Бензема әлем чемпионатының 1/8 финал кезеңінен ойнай алатын еді, тіпті болмағанда қосалқы ойыншылар сапында отыруына болатын. Дешам, оны неге командадан ерте кетуін сұрадың?" - деді Джазири Франция бапкеріне қарата.