Бензема Чемпиондар лигасында Месси ғана жеткен реордты қайталады

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема ПСЖ форварды Лионель Мессидің рекордын қайталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Реал" шабуылшысы Карим Бензема ПСЖ форварды Лионель Мессидің рекордын қайталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бензема Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы "Ливерпульмен" матчте (5:2) дубль жасады. Осылайша, шабуылшы осы турнирде қатарынан 18 жыл гол салып келеді. Мұның алдында мұндайға Месси ғана жеткен еді. Екі футболшы да Чемпиондар лигасында 2005/06 жылғы маусымынан бері гол салып жүр.
Бұл Бенземаның Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы алғашқы голдары.
Енді "Реал" мен "Ливерпуль" арасындағы қарымта матч 15 наурыз Мадридтегі "Сантьягу Бернабнеу" стадионында өтеді.
Жарнама