Футбол
8 қараша 2022 06:07

Бензема әлем чемпионатының алғашқы матчіне қатыспауы мүмкін

©Goal

Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема Катардағы футбол тойындағы алғашқы матчта алаңға шықпауы мүмкін. Бұл туралы Get French Football News порталы хабарлады.

Реал форварды Ла лиганың 11-турында "Севильямен" өткен ойында жарақат алған еді. Соның салдарынан ішкі чемпионаттың соңғы екі матчінде алаңға шыға алмады.

Белгілі болғандай, Бензема Катардағы мундиальға барады. Алайда топтық кезеңдегі алғашқы матчте Аустралия құрамасына қарсы алаңға шықпауы мүмкін. Құраманың медициналық штабы Бенземаның толық айығуына күш салуда.

Еске салайық, 2018 жылы әлем чемпионы атанған Франция құрамасы биылғы додада D тобында Аустралия, Дания және Тунис елдерімен кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport