Белгілі футболшы кәсіпқой боксқа ауысты
"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра кәсіпқой боксқа ауысты. 30 сәуір күні қорғаушы Лондондағы О2 аренасында 28 жастағы YouTube-блогер Адам Салехпен айқасады.
"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра кәсіпқой боксқа ауысты. 30 сәуір күні қорғаушы Лондондағы О2 аренасында 28 жастағы YouTube-блогер Адам Салехпен айқасады.
"Өмірімде бірінші рет бокс кешінде бағымды сынағалы жатырмын. Жалпы бұрыннан бокспен айналысатындарға әрдайым құрметпен қарайтынмын. Бұл спорт түрі шахматқа ұқсайды. Көп жаттыққым келеді. Өзімді басқа қырымнан танығым келеді", - дейді Эвра.
Еске салайық, Патрис Эвра Франция құрамасының сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Сонымен қатар, "Манчестер Юнайтедпен" Англия біріншілігін бес рет ұтты. Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.
Жарнама