Футбол
16 сәуір 2020 17:36

Бельгия кубогын ұтқан бапкер қазақстандық клубтың ұсынысы жайлы айтты

Сурет: Walfoot.be
Бельгиялық бапкер Янник Феррера Қазақстандық команданың ұсынысынан бас тартқан. Бұл туралы маман Voetbalnieuws.be басылымына берген сұхбатында айтты. 

2019 жылдың қазанынан ол Сауд Арабиясы чемпионатындағы 16 клуб арасында 14-ші келе жатқан "Аль-Фатех" командасын жаттықтырп келеді. Наурыз ортасында лига коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.

"Словакиялық "Тренчин" мен атын ұмытып отырмын мысырлық бір клубты жаттықтыру таңдауы болды. Қазақстаннан да бір команнда шақырды, бірақ, ұсыныстары маған ұнамады", - дейді Феррера.

39 жастағы Феррера "Аль-Фатехқа" дейін отанында өздігінен "Васланд-Беверен, "Стандард", "Сент-Труйден" пен "Шарлеруа" командаларын жаттықтырған. Ол 2015 жылы Бельгияның екінші лигасы мен 2016 жылы ел Кубогын ұтқан.