УЕФА ресми сайты Ұлттар лигасының үшінші туры аясында өтетін Баларусь - Қазақстан матчында қызмет ететін аустриялық төрешілердің есімін жариялады.
Бас төреші: Мануэль Шюттенгрубер;
Көмекшілері: Роланд Бранднер, Роберт Штайнахер;
Төртінші төреші: Рене Айснер;
VAR-ға жауапты: Кристиан-Петру Чокирка, Алан Кияс.
Айта кетейік, Беларусь пен Қазақстан арасындағы матч маусымның 10-нан 11-не қараған түні Сербияда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады