Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы Беларусь құрамасына қарсы кездесу алдында баспасөз жиынын өткізіп, тілшілердің сауалдарына жауап берді, деп жазады Vesti.kz
Бұл ойын ертең, 10 маусым күні Нови-Сад қаласында өтеді.
- Бір аптаның ішінде футболшылар ұзақ жол жүрді. Енді ертең Нови-Садқа дейін тағы 1,5 сағаттық жол бар. Бұл футболшылардың дайындығына кедергі келтірмей ме?
- Дұрыс айтасыз. Біз шынында ұзақ жол жүрдік. Словакияға дейін алты сағат ұштық. Сербияның Белград қаласында дейін бір жарым сағат. Оның үстіне түнде келдік. Негізі мұның өзін жақсы бір жаттығу деп қарастыруға болады. Осы тұрғыдан қарағанда, қарсыластар шамалы үстемдікке ие. Себебі олар Нови-Сад қаласында жүргеніне бір аптадай уақыт болды. Дегенмен бұл қиын жағдайдан шығудың амалын табамыз. Ертең жақсы ойнап, оң нәтижеге жетуге тырысамыз.
- Біздің құраманың футболшылары осыған дейін тоғыз сары алды. Енді олардың біреуі сары алатын болса, Нұр-Сұлтанда Словакия құрамасына қарсы кездесуге қатыспайды. Сіз футболшылармен бұл туралы сөйлестіңіз бе?
- Сары қағазбен де жағдай оңай емес. Осы үшін біз кейбір футболшыларды сақтап, өз алаңымыздағы ойынға дайындаймыз. Дейтұрғанмен де ертеңгі ойында мен негізгі құрамды сары қағазға қарап жасақтамаймын.
- Ертең капитан кім болады? Осыны айта кетсеңіз ...
- Дәстүрді бұзбайын. Тағы айтайын, иә? Ертең Исламбек Қуат капитан болады.
- Біз бұған дейін Беларусьті мүлде жеңбегенбіз. Осы статистиканы бұзған бірінші бапкер болатын шығарсыз ...
- Шынымды айтсам, мен ондай дүниелерге мән бермеймін. Себебі мен қалыптасып қойған ер азаматпын. Сондықтан мен өз ісіме, өз сөзіме жауап бергенді қалаймын. Ал статистиканы жаны қалаған адам жүргізсін.
-