"Бавария" Чемпиондар лигасында "Барселона" рекордын бұзды

"Бавария" Чемпиондар лигасында "Барселона" рекордын бұзды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бавария" Чемпиондар лигасында "Барселона" рекордын бұзды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Мюнхендік клуб 1/8 финалда "Лационы" өз алаңында 2:1 есебімен ұтты. Римде өткен бірінші ойын да 4:1 есебімен немістердің пайдасына аяқталған. Осылайша, "Бавария" Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті.
OptaJean мәліметінше, "Бавария" Чемпиондар лигасы тарихында ширек финалына 19-шы рет өтіп отыр, бұл турнирдің жаңа рекорды. Мұның алдына "Барселона" 1/4 финалға 18 рет шыққан екен. Ал биыл каталондықтар 1/8 айналымда "Пари Сен-Жермен" командасынан ұтылып қалды.
Еске салайық, "Бавария" Чемпиондар лигасы өткен маусымының жеңімпазы.
Ширек және жартылай финал жеребесі 19 наурызда тартылады.
Жарнама