БАҚ мәліметінше, шетелдік нарыққа жауапты скаут Андрей Лосюк 26 жастағы шабуылдаушы хавбектің өкілдерімен келіссөз өткізген.
Исламханның кандидатурасын клубтың бас директоры Василий Кикнадзе мақұлдады. Енді оны бас бапкер Юрий Семин мақұлдауы қажет.
Егер келісім мақұлданса, футболшыға миллион еуроға дейінгі еңбекақымен 2+1 жүйесі бойынша келісімшарт ұсынылады.
Еске салайық, жақында "Қайратпен" келісімшарты аяқталатын Исламхан "Локомотивтен" ұсыныс алғаны жайлы ақпарат тарады. Алматылық клуб сапында футболшы 2014 жылдан бері ойнап келеді.