"Барселонаның" экс-ойыншысы "Қайрат" сапында алаңға шығуға дайын
"Қайрат" Маки Баньяктың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат" Маки Баньяктың денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Маки Баньяк дайын!", - деп жазылған клубтың ресми инстаграм парақшасында жүктелген видеода.
Еске салайық, Баньяк жарақатына байланысты бірнеше ай алаңға шыға алмады. Ал жаздың ортасында жарақатынан айығып, Конференция лигасында "Кишвардаға" қарсы екі матчта доп теуіп қайта жарақат алған болатын. Сонымен қатар, ол биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында үш рет және Қазақстан Кубогінде екі ойында алаңға шықты.
Маки Баньяк 2021 жылы "халықтың" командасына ауысты. Қорғаушы "Барселона" клубының жүйесінде 2008-2013 жылдары ойнады. "Каталондық" клубтан бөлек, "Адмира Ваккер" (Австрия), "Реал Сарагоса" (Испания), "Нант" (Франция) және "Олимпия" (Любляна, Словения) командаларының намысын қорғады.
Жарнама