Футбол
23 қазан 17:15

"Барселонадағы" 17 жастағы "вундеркинд" ең мықты футболшыны атады

©"Барселона" ФК

"Барселона" вингері Ламин Ямаль бала кезінде кімге ұқсап-баққысы келгенін айтты. 

Ол кезде Мессидің аты дүркіреп тұрғанымен, Ламин үшін ең мықты футболшы басқа болған екен. 

"Бала кезімде Неймар ұнайтын. Месси ең мықты болса да, Неймардың қалай ойнайтыны, сол кезде қандай еді… Маған ұнайтын", - дейді Ямаль Ла Лиганың бапсасөз қызметіне берген сұхбатында. 

2023 жылы 16 жасында Ламин Испания құрамасы үшін ойнай бастады, ал 2024 жылы құрамамен бірге Еуропа чемпионы атанды. Жас ойыншыны футбол әлемінде "вундеркинд" деп атап кеткендер бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport