"Барселона" ұйымдастырған турнирде ғасыр антирекорды болды

©REUTERS/Bruna Casas

Кеше, 12 тамызда Жоан Гампер кубогінің финалында "Барселона" клубы "Олимпик Льюис Компанис" стадионында "Монако" командасымен ойнады. 

Бұл матчте "Монако" 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапынан Ламин Камара, Брил Эмболо және Кристиан Мависса Элеби гол салды.

Айта кетейік, бұл каталондықтардың Жоан Гампер кубогіндегі 2012 жылдан бергі алғашқы жеңілісі. Opta мәліметінше, "Барса" 1981 жылдан бері жарыс финалында алғаш рет гол сала амаған және үш пен одан артық гол өткізіп алып отыр. Ал 43 жыл бұрын "Барселона" германиялық "Кельннен" 0:4 есебімен ойсырай ұтылған. 

Ал жалпы алғанда "Барселона" Жоан Гампер кубогін 46 рет ұтқан екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар