Футбол
12 қараша 2021 18:20
 

"Барселона" шабуылшысы Серхио Агуэро карьерасын аяқтауы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" шабуылшысы Серхио Агуэро карьерасын аяқтауы мүмкін ©"Барселона" ФК

Испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Серхио Агуэро жүрегінің ауыруына байланысты карьерасын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Catalunya Radio хабарлады. 

blog.share

Испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Серхио Агуэро жүрегінің ауыруына байланысты карьерасын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Catalunya Radio хабарлады. 

Агуэро 30 қазан күні Испания чемпионатында "Алавес" командасына қарсы кездесуді аяқтай алмай қалды. Ол кезде "Барселонаның" баспасөз қызметі шабуылшының кеуде тұсы шаншығанын айтқан. Ойын барысында Серхио бірден емханаға кетті. Содан соң 33 жастағы футболшы үш ай бойы ойнай алмайтыны белгілі болды. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Агуэроның жүрек ауыруы бұған дейін айтылғандай емес, әбден меңдегенге ұқсайды. Ал дәрігерлер оған карьерасын аяқтау керегін айтқан екен. 

Еске салайық, Агуэро "Барселона" сапына 31 мамыр күні ауысып, 2022-23 маусымының соңына дейін келісімшарт жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!