"Барселона" ойыншысы "Манчестер Ситиге" тегін ауысады

©Fabrizio Romano (Х)

Футболшы Илкай Гюндоган "Манчестер Ситиге" қайта оралатын болды. Инсайдер Фабрицио Романо хабарлағандай, ойыншы мен клуб өзара келісімге келген. Ал каталондық командадан еркін агент ретінде кетеді. 

Жартылай қорғаушы ағылшындық клубта 2016-2023 жылдар аралығында ойнады. Кейінгі бір маусымды "Барселона" сапында өткізді. 

Каталондық клубта ойнау Илкайдың бала күнгі арманы болған. Ал "Манчестер Ситимен" мансабындағы ең ірі жетістіктерге қол жеткізді. 

Ағылшындық клубтың бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола Гюндоганды жоғары бағалайды. Қайта келуін де құп көрген. Сұхбаттарының бірінде Илкайдан мықты жаттықтырушы шығатынын айтқан да болатын. 

"Манчестер Сити" футболшымен біржылдық келісімшартқа қол қояды. 

Илкай Гюндоган бұған дейін Германия құрамасы сапындағы мансабын аяқтағанын хабарлаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар