Футбол
19 желтоқсан 2019 13:49

"Барселона" мен "Реал" 17 жылда алғаш рет есеп аша алмады

Reuters©
Каталониялық "Барселона" Испания чемпионатының оныншы турындағы кейінге шегерілген матчта мадридтік "Реалмен" тең тарқасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Камп Ноуда" өткен эль-класико 0:0 есебімен аяқталды. Матчтың 73-минутында төрешілердің бейнекөмекші құралы (VAR) "Реал" форварды Гарет Бэйлдің голын есептеген жоқ - қорғаушы Флоран Менди пес беру кезінде офсайдта болған.

Эль-класикода 0:0 есебі соңғы 17 жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Бұған дейін "Барселона" мен "Реал" 2002 жылы 24 қарашада есеп аша алмаған.



Қазір екі клубта да 36 ұпайдан бар, бірақ "Барселона" турнир кестесінде "Реалдан" қосымша көрсеткіштер бойынша озып тұр. Үшінші орындағы "Севильяда" 31 ұпай бар.

Айта кетсек, эль-класико басында 28 қазанда өтуі керек болған, бірақ Каталониядағы шеруге байланысты матч кейінге шегерілген. Енді "Реал" мен "Барселона" 1 наурызда Мадридте чемпионаттың 26-турында кездеседі.