"Барселона" шабуылшы Килиан Мбаппенің трансферіне қатысты ПСЖ-мен келіссөз жүргізбейді, деп хабарлайды Mundo Deportivo.
Клуб қаржылық қиындықтарға байланысты атақты футболшы үшін таласқа түспейтін болды. Каталондықтар мұндай трансферді еңсере алмайды. Оның үстіне клуб басшылығы Мбаппе жасақталған команданың тепе-теңдігін бұзады деген ойға келді.
Мұның алдында Сауд Арабиясының клубы ПСЖ-ға Мбаппе үшін 300 миллион еуро ұсынғаны айтылды. Ал париждік клуб басшылығы Килиан "Реалмен" тіл табысып, тіпті келісімшартқа қол қойып қойған деген ойда. Осы себепті оны жаңа маусым алдындағы Жапония мен Оңтүстік Кореяға турға алмай кетті.