"Барселона" клубы "Камп Ноуда" Мессидің мүсінін қоймақ

Барселонадағы "Камп Ноу" стиадионы маңында Лионель Мессиге ескерткіш қойылады, деп хабарлайды "Р-Спорт". Бұл туралы каталондық клуб президенті Жоан Лапорта мәлімдеді.
Барселонадағы "Камп Ноу" стиадионы маңында Лионель Мессиге ескерткіш қойылады, деп хабарлайды "Р-Спорт". Бұл туралы каталондық клуб президенті Жоан Лапорта мәлімдеді.
Аргентиналық ойыншы қазіргі таңда франциялық "Пари Сен-Жермен" командасында.
"Біз Мессидің мүсінін "Камп Ноу" сыртына қоямыз. Шешім қабылданды", - дейді Лапорта.
Мұның алдында Месси ПСЖ-мен келісімшартын ұзартпайтынын және Лапортамен каталондық клубқа оралуын талқылағаны хабарланған.
Жарнама