Футбол
8 қараша 09:59
 

"Барселона" клубты сатып кеткен ойыншыға есікті тарс жапты

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" клубты сатып кеткен ойыншыға есікті тарс жапты ©twitter.com/dembouz

"Барселона" франциялық шабуылшы Усман Дембеленің командаға оралуына қарсы, деп жазады Еl Nacional. 

blog.share

"Барселона" франциялық шабуылшы Усман Дембеленің командаға оралуына қарсы, деп жазады Еl Nacional. 

Дембеле "Пари Сен-Жерменде" сынға ұшырап жатыр екен. Ол Килиан Мбаппе кеткеннен кейін париждік командада көшбасшылардың бірі болады деген үміт бар еді. Алайда олай болмай шықты. Оның үстіне ол тәртіпке бағынбай, бас бапкер Луис Энрике оны қосалқы ойыншылар қатарына түсіріп тастады. 

Еl Nacional мәліметінше, Дембеле "Барсадан" кетпеуге уәде бере тұра ПСЖ сапына қосылып, каталондықтардың бұрынғы бапкері Хави Эрнандесті сатып кеткен. Енді франциялық ойыншы Ханс-Дитер Флик жаттықтырып жатқан каталондықтар сапына оралғысы келеді екен. 

Алайда "Барселона" оны қайтып алғысы келмейді, оның үстіне Ламин Ямаль мен Рафиньяның да шеберлігі артып келеді. Осылай "Барса" Дембеленің бір кездегі ПСЖ ұсынған үлкен айлық үшін істеген сатқындығын ұмытар емес.

Дембеле "Барсадан" кетіп қана қоймай, Чемпиондар лигасында каталондықтар қақпасына салған голдарына қуанышын жасырмағаны да бар. Мұның бәрі каталондық жанкүйерлердің оны енді көргісі келмейтін дәрежеге жеткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!