Футбол
7 ақпан 2020 07:46

"Барселона" бапкері Месиидің клубтағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

© Footballhd.ru
"Барселонаның" бас бапкері Кике Сетьен шабуылшы Лионель Мессидің командадан кету мүмкіндігі жайлы ойын айтты. 

Мұның алдында аргентиналық ойыншы клубтың спорт директоры Эрик Абидальмен жанжалдасып қалғаны хабарланған. 

Лионель Месси "Барселона" басшылығына қатулы жауап қайтарды

"Месси - айтарлықтай тәжірибелі ойыншы, ол өздігінше шешім қабылдайды. Оның өміріне араласпаймын, әкесі емеспін ғой. Ойыншыларымның бақытты және алңада мықты етуім керек. Мессидің қанаттанып, келгенде қуанышты болатынын көремін. Ол жаттығуға келгенді жақсы көреді, бұл жер оған ұнайды", - деп келтіреді маманның сөзін La Jugada Financiera.