Футбол
28 қазан 2021 21:21

Барсегян "Астана" сапында Қазақстан кубогінің финалында ойнай алады

©"Астана" ФК

"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян елордалық команда Қазақстан кубогінің финалына шықса, ақтық матчта өнер көрсете алады. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлайды. 

Еске салайық, армениялық жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатының 25-турында "Қайратқа" қарсы ойыннан кейін бір айға шеттетілген болатын. Жаза мерзімі 25 қазанда басталады. 

Ал Қазақстан кубогінің финалы 28 қарашаға жоспарланған. Бұл уақытқа дейін футболшы жазасын өтеп, елордалық командаға көмектесе алады. 

Айта кетейік, жартылай финалда "Астана" ұжымы "Қайратпен" кездеседі. Бұл ойындар 7 және 20 қарашада өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport