"Барсаның" бұрынғы бапкері Роналду неге Мессиден артық екенін айтты
Нидерланды құрамасының бұрынғы бас бапкері Луи ван Гал испаниялық Onda Cero порталына берген сұхбатында шабуылшылар – Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасында таңдау жасады. Бұл туралы "Чемпионат" жазды.
Нидерланды құрамасының бұрынғы бас бапкері Луи ван Гал испаниялық Onda Cero порталына берген сұхбатында шабуылшылар – Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасында таңдау жасады. Бұл туралы "Чемпионат" жазды.
"Лионель Месси мен Криштиану Роналду - өз кезеңінің үздік ойыншылары, олардың арасында таңдау жасау қиын. Роналдудың Мессиге қарағанда титулдары көп. Мессидің жеке марапаттары көп, бірақ Роналду - командалық ойыншы. Сондықтан, таңдау керек болса, мен жеке ойыншыдан гөрі команда үшін көбірек еңбек ететін спортшыны таңдайтын боламын. Месси үздік ойыншы бола алады, бірақ командаға ойнау керек", - деді Ван Гаал.
Катарда өткен әлем чемпионатында Месси мен Нидерланды құрамасының бас бапкері арасында кішігірім кикілжің болды. Ширек финалдық матчта жеңіске жеткен Аргентина құрамасының капитаны Месси Ван Гаал мен оның жаттықтырушылар штабына жақындап, екі қолымен оларды мазақтағандай қимыл көрсеткен болатын. Кейінірек Месси Ван Гаалдың ойын алдында Аргентина құрамасы туралы ар-намысқа тиетін сөздер айтқаны үшін эмоцияға берілгенін түсіндірді.
Луи ван Гал бұған дейін "Барселона", "Бавария", "Аякс", "Манчестер Юнайтед" клубтарын жаттықтырған.
Жарнама