Футбол
13 желтоқсан 2019 14:05

"Бар күшін "Манчестермен" ойында сарп етті". Шетелдік сарапшы "Астананың" Еуропа лигасы соңғы матчінде жеңілу себебін атады

Сурет: Vesti.kz. Жігер Абенов©
Еуропа лигасының қорытынды матчінде "Астанаға" күш жетпеді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында сербиялық SrbijaDanas.com порталының журналисті Михайло Тркуля осындай пікір білдірді. 


"Бұл матчте жеңіске оны қатты қажет еткен жетті. "Партизан" жанкүйрелерін қуанту керек еді. Бұл мазмұны жағынан топтық кезеңдегі үздік ойын болды. Алаң иелері бірінші таймда басымдыққа ие болып, одан кейін ойын барысын бақылауда ұстады. Егер кедесудің турнирлік мәні болғанда, екінші таймда арпалыс көретін едік. Алайда "Астана" құлықсыз ойнады. Марин Томасовтың жоқтығы білінді. Оның үстіне олар бар күшін "Манчестер Юнайтедпен" ойында сарп етті", - дейді Тркуля.