Испаниялық жартылай қорғаушы Сеск Фабрегас болашағына қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қазірден бастап болашақта бапкер боламын деп дайындалып жүрмін. Ойыншы ретіндегі тәжірибем мол. Ендігі жұмысым жаттықтырушының міндеті болмақ", - деп жазды Фабгрегас әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Фабрегас қазіргі таңда Италияның В сериясында ойнайтын "Комо" командасының намысын қорғайды.
Жартылай қорғаушы спорттық жолында "Арсенал", "Барселона", "Челси" және "Монако" клубтарында өнер көрсетті. Испания құрамасымен әлем және Еуропа чемпионы атанды.