Футбол
8 қыркүйек 2021 10:38

Бахтиер Зайнутдинов Босния және Герцеговинамен матчте Қазақстанның ең мықты ойыншысы атанды

©sportarena.com

Белгілі WhoScored порталы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Босния және Герцеговина - Қазақстан (2:2) матчіндегі футболшыларға бағасын берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық команда сапында Бахтиер Зайнутдинов ең мықты ойыншы деп мойындалды - 7,8 балл. Мәскеулік ЦСКА ойыншысы алаңға 57-ші минутта шықты, ал 95-ші минутта айып алаңынан гол салды. 

Матчтің ең үздік ойыншысы Босния және Герцеговинаның жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич - 8,7. Ол 74-ші минутта гол салды, ал 12 минуттан кейін Луке Меналоға нәтижелі пас берді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport