Бағы жанбаған Ибрагимович. Швециялық форвард биыл да ЧЛ жеңе алмады
Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович 2021-2022 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша Чемпиондар Лигасының Кубогін жеңе алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович 2021-2022 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша Чемпиондар Лигасының Кубогін жеңе алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Клубтық деңгейде Еуропаның басты турнирінде Ибрагимович ойнайтын "Милан" турнирдің топтық кезеңінен ары аса алмады. 6-турда италиялық ұжым өз алаңында "Ливерпульге" 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, В тобында небәрі 4 ұпай еншілеген Пиоли командасы ең соңғы орын алды.
Еске салайық, Златан Ибрагимович Чемпиондар Лигасында 124 матч өткізіп, 48 гол соққан. Сондай-ақ, 28 рет асисст жасады. Спорттық карьреасында ол 31 Кубок иеленді. Соның ішінде өзі доп тепкен әр команда сапында 11 рет ішкі біріншілікте чемпион атанды. Жалпы алғанда швециялық форвард "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "ПСЖ", "Манчестер Юнайтед" және "Милан" сынды кәрі құрлықтың белді ұжымдарында доп тепті.
Жарнама