"Тараз" клубы жамбылдық футбол мектебінің түлегі Еркебұлан Сейдахмет келісімшартқа қол қою үшін еңбекақысына 6 миллион теңге сұрады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Өкінішке қарай бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сейдахмет шынымен командаға өзге түлектер сияқты шақыртылды. Алайда келісімшарт туралы сөз де болған жоқ, алты миллион теңге деген сома туралы айтылмады", - делінген клуб хабарламасында.
Мұның алдында БАҚ-та "Тараз" жергілікті "Монтажниктен" шыққан футболшыны сапына қосқысы келетіні туралы ақпарат тараған. Ол бойынша Еркебұлан команда бас бапкерден бастап, легионерлер мен басты футболшы да көрмеген еңбекақы - айына алты миллион сұрапты делінген.
Айта кетейік, футболшы "Қайратпен" 2022 жылға дейін келісімшартта (Transfermarkt мәліметі). Алматылық команда маусым аралық Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына Еркебұланды алмады.