Футбол
5 наурыз 2020 15:00

Әйгілі футболшы Роналдиньо Парагвайда тұтқындалды

© Footballhd.ru
"Барселона" мен Бразилия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо Парагвайға кбару үшін жалған құжат қолданды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды ABC Color газеті.  

4 наурыз спортшы аялдаған қонақүйде тінту жүріп, полиция Роналдиньо, оның агенті және ағасының атына жасалған төлқұжат табылған. Бүгін олар прокуратураға түсінік беру үшін келу керек. 

Басылымға берген сұхбатында Парагвайдың ішкі істер минстрі Эуклидеса Асеведо спортшы, оның агенті мен ағасын тұтқындауға ордер берілген. Алайда оларды қамауда ұстау орны анықталмады. 

Роналдиньо салық төлемегендіктен шетелдік төлқұжатынан айырылған. Сонымен бірге, отбасының үйі орналасқан көл жағасына табиғатты қорғау заңнамасын бұзға отырып, пирс салғаны үшін 8,5 миллион реал (2,2 миллион доллардан астам) айыппұл салынған еді.