Футбол
27 қазан 2022 02:19
 

"Аят" командасы Чемпиондар лигасының бірінші кездесуінде тең түсті

  Пікірлер

blog.share

"Аят" командасы Чемпиондар лигасының бірінші кездесуінде тең түсті ©"Аят" ФК

Рудный қаласының "Аят" футзал командасы Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бірінші турында хорватиялық "Ново Вриеме" командасымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Рудный қаласының "Аят" футзал командасы Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бірінші турында хорватиялық "Ново Вриеме" командасымен тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

2-топтағы бұл ойын Хорватияның Макараска қаласында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Екінші таймның 27-минутында Антон Рындин "Аятты" алға шығарған. Бірақ 30-минутта Тони Елавич таразы басын теңестірді. 

Ал 32-минутта Леандро соққан голдың арқасында біздің команда тағы алға шықты. Алайда бұл жолы да басымдықты ұстап қала алмады. 36-минутта Азат Валиуллин өз командасының қақпасына гол жіберіп алды. Осылайша, командалар 2:2 есебімен тең тарқасты. 

Енді "Аят" командасы келесі кездесуін Португалияның "Спортинг" командасына қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!