БАҚ мәліметінше, матч соңында Гонсалес "Жап аузыңды, сасық маймыл" деген екен. Бұл сөз Неймарға айтылды ма белгісіз, бірақ, жаппай төбелес осыдан кейін басталған.
"Бір ғана өкінішім бар, бетінен ұра алмағаныма. VAR ашуланғанымды оңай байқады. Ал енді мені маймыл және иттің баласы деген сәттің видеосын көргім келеді", - деп жазыпты Неймар твиттерде.
Гонсалес бұған жауап берді: "Нәсілшілдікке жол жоқ. Жеңілгеніңді мойындап, мұны алаңда қабылдай алу керек. Тамаша үш ұпай. Рахмет, отбасы", - деп жазыпты "Марсель" қорғаушысы.
Алайда мұндай жауап Неймарды қанағаттандырмады: "Ер емессің, өз қателігіңді мойындай алмайсың. Ұтылу - спорттың ажырамас бөлігі. Ал нәсіл бойынша арыңды таптау ше? Жоқ, бұған қарсымын. Сені құрметтемеймін! Мінезсіз екенсің! Шынымен не айтқаныңды мойындасаңшы... Ер боп қалу керек! Нәсілшіл", - деп жазыпты бразилиялық.