Аустралия Катардағы ӘЧ-ге бір табан жақындай түсті

Футболдан Австралия құрамасы ӘЧ-2022 турниріне қатысуға мүмкіндік беретін плей-офф раундына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Австралия құрамасы ӘЧ-2022 турниріне қатысуға мүмкіндік беретін плей-офф раундына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Азия футбол конфедерациясының төртінші іріктеу раундында жасыл құрлықтың ойыншылары БАӘ құрамасын ұтты. Катардағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Аустралия сапында Джексон Ирвин (53-минут) және Айдин Хрустич (84-минут) гол салды. Ал Біріккен Әмірліктер құрамасының сапында шыққан тегі бразилиялық Кайо Канедо (57-минут) ерекшеленді.
Енді әлем чемпионатына берілетін жолдаманы Аустралия мен Перу командалары сарапқа салады. Қос мықты арасындағы матч Катардың Эр-Райан қаласында 13 маусымға жоспарланған.
Еске салайық, Катардағы футбол тойы қараша айының 21 бастап желтоқсанның 18 күндері өтеді.
Жарнама