"Атырау" командасы "Ақжайықты" ұтып турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді

2021 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші тур ойынында "Атырау" командасы өз алаңында "Ақжайықты" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
2021 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші тур ойынында "Атырау" командасы өз алаңында "Ақжайықты" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Атырауда өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.
Бірінші таймға қосылған үстеме уақытта Алексей Родионов "мұнайшыларды" алға шығарды, ал 58-ші минутта Гарсия Сильва есеп айырмашылығын еселей түсті.
Осылайша, "Атырау" 21 ұпай жинап, төртінші келе жатқан "Ақжайыққа" (21) жетіп алды, дегенмен, оралдықтар қосымша көрсеткіш бойынша алда.
Жарнама