82 жастағы бразилиялық Пеленің жағдайы күрт нашарлады. "Чемпионат" мәліметінше, аңыз өзінің отбасымен қоштасыпты.
"Пеле әлі де ауруханада жатыр, отбасы мен достарымен қош айтысыпты. Футбол аңызы жаман аурумен айқаста жеңіліп барады. Отбасы оның жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты", - дейді футболшының отбасына жақын бизнесмен Фрэнк Халид.
Мұның алдында Пеленің денесіне ісік жайылғаны анықталды, осыған байланысты кей уақыт аралығында оның есі тұманданып, өзіне ие бола алмай қалады екен.
Кейінгі жылдары бразилиялыққа химиотерапия жасалды, алайда ол оң нәтиже бермеді.
Бір жылдай бұрын, 2021 жылдың қыркүйегінде Пеленің тоқ ішегінен қатерлі ісік табылды, соның салдарынан ол 2022 жылы сәуірде ауруханаға жатқызылды. Мұнан бөлек бразилиялықта тағы бірнеше дерт бар.