"Астананың" бұрынғы шабуылшысы Пиерос Сотириу "Санчфречче "Хиросима" клубы сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кипр құрамасының ойыншысы "Сересо Осакаға" қарсы ойынның 90-минутында ерекшеленді, оның командасы 3:0 есебімен қарсыласты ойсырата жеңді. Сотириу ойын алаңына командаласын алмастыруға шығып, бірден гол авторы атанды. Бұл оның жапиониялық клуб үшін соққан екінші голы болса, Джей-лигадағы дебюті.
Естеріңізге сала кетейік, кипрлік ойыншы "Астана" сапында 2020 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың ақпаны арасында өнер көрсетті. Елордалық клуб үшін ол жалпы 17 ойын ойнап, жеті голдың және екі нәтижелі пастың авторы атанды.