Футбол
29 шілде 2022 02:57

"Астананы" ұтқан соң "Ракув" бапкері пікір білдірді

©РИА Новости

"Ракув" бас бапкері Марек Папшун Конференция лигасында "Астананы" қапы қалдырған соң пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Біз күткендей ойын ауыр болды. Бұл жолы "Астана" жинақы ойнады. Допты жақсы бақылады. Осы орайда болашақта "Астана" секілді допқа көбірек иелік еткіміз келеді. Дейтұрғанымен нәтижеге көңіліміз толады. Қонақта ұтамыз деп ойламадық. Жеребе қорытындысы бойынша "Астана" қарсылас атанғанда поляк басылымдары екі команданың деңгейі шамамен бірдей деген еді. Шынтауайтына келгенде біз анағұрлым жақсы ойнадық. Енді елге оралып, басқа матчтарға дайындалуымыз керек", - дейді Папшун.

Еске салайық, екі ұжым арасындағы бірінші ойында "Ракув" өз алаңында 5:0 есебін тіркесе, қонақта 1:1 есебімен жеңіске жетті.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport