Футбол
16 мамыр 2022 08:55

"Астанадан" кеткен бапкер Болгарияда Кубок иеленді

©Казинформ

Станимир Стоилов жаттықтыратын "Левски" футбол клубы Болгария Кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Стоилов ойыншылары финалда Софияның ЦСКА командасын 1:0 есебімен ұтты. Матчтағы жалғыз голды 57-минутта Илиан Стефанов соқты. Осылайша, "Левски" өз тарихында аталмыш трофейді 27-рет иеленіп отыр.

Еске салайық, 55 жастағы болгариялық маман 2014-2018 жылдары "Астана" және 2018-2019 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады.

Елордалық клубпен Қазақстан чемпионатын (2014, 2015, 2016, 2017) төрт мәрте ұтса, 2016 жылы Қазақстан Кубогін және 2015, 2018 жылдары Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты.

2015, 2016 және 2017 жылдары Қазақстан Премьер-Лигасында жылдың үздік бапкері номинациясын иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport