"Астана" шетел құрамасының ойыншысына қатысты бір шешімге келді
©"Астана" ФК
"Астана" футбол клубы мен белоруссиялық Артем Рахманов екі жақты мәмілеге келіп, келісімшартты үзді, деп хабарлайды астаналық команданың баспасөз қызметі.
"Астана" футбол клубы мен белоруссиялық Артем Рахманов екі жақты мәмілеге келіп, келісімшартты үзді, деп хабарлайды астаналық команданың баспасөз қызметі.
Рахманов астаналықтар сапына 2022 жылы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қосылған болатын. Содан бері 14 матчте өнер көрсеткен.
Кәсіпқой карьерасын 2008 жылы "Минск" сапында бастаған 32 жастағы футболшы Швеция, Польша, Молдавия, Эстония мен Украина чемпионаттарында ойнаған.
2021 жылдан Беларусь құрамасына шақыртылып жүр.
Transfermarkt футболшынының трансферін 200 мың еуроға бағалап отыр.
Жарнама