Футбол
5 қаңтар 2022 12:18
 

"Астана" сербиялық шабуылшысын қайтарып алмақшы

  Пікірлер

blog.share

"Астана" сербиялық шабуылшысын қайтарып алмақшы ©"Рубин" ФК

Елордалық "Астана" қазіргі уақытта казандық "Рубин" сапында өнер көрсетіп жүрген сербиялық шабуылшы Джордже Деспотовичті қайтарып алмақшы, деп жазады Vesti.kz порталы. 

blog.share

Елордалық "Астана" қазіргі уақытта казандық "Рубин" сапында өнер көрсетіп жүрген сербиялық шабуылшы Джордже Деспотовичті қайтарып алмақшы, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"СпортРадар.kz" телеграм-каналының ақпараты бойынша, елордалық команда шабуылшыны қайтарып алу үшін келіссөз бастап кеткен. "Астана" командасы Деспотовичке екі жылдық келісімшарт ұсынып отыр. 

"Деспотовичтің "Рубин" командасымен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшарты бар. Дегенмен казандық команда негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалған шабуылшыны жіберуге дайын. Дегенмен Деспотовичтің өзі "Рубиннен" келісімшарты бойынша жақсы ақша өндіріп қалғысы келеді. Ақша жасап алғаннан кейін ғана ол басқа командаға ауысады", - деп жазады дереккөз. 

Ресей біріншілігінің биылғы маусымында 29 жастағы футболшы тоғыз кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. 

Еске салайық, "Астанадан" бөлек Деспотович Қазақстанда "Жетісу", "Қайрат" және "Тобыл" сапында өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!