"Астана" Конференция лигасының екінші іріктеу турындағы "Ракуваға" қарсы ойында ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Командалар арсындағы бірінші ойын 0:5 есебімен аяқталды. Бірінші гол төртінші минутта салынды, "Астана" голкипері Марко Милошевич қателік жіберіп, Иван Лопестің алыстан тепкен добын тоса алмады.
Үзіліске дейін Матеуш Вдовяк есепті еселеді, ал одан кейін Владислав Гутковский, Владислав Кочерчин мен Фран Тудор (пенальти) гол соқты.
Айта кетейік, одан бөлек "Тобыл" өз алаңында гибралтарлық клуб "Линкольн Ред Импстен" басым түсті.
"Қызыл-Жар" Нұр-Сұлтанда хорватиялық "Осиекке" есе жіберді, ал "Қайрат" Алматыда венгриялық "Кишвардадан" ұтылды. Қарымта матчтер 26-28 шілдеде өтеді.