"Астана" мен "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Ресейлік клубтың үздік жаңа ойыншысы атанды
"Астана" мен "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович Ресей премьер-лигасы 2020/21 маусымының қорытындысы бойынша "Рубин" командасындағы үздік жаңа ойыншы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" мен "Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Джордже Деспотович Ресей премьер-лигасы 2020/21 маусымының қорытындысы бойынша "Рубин" командасындағы үздік жаңа ойыншы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Өткен маусымда ол "Рубин" сапында 26 матчке қатысып, 14 гол салды және төрт нәтижелі пас берді.
29 жастағы сербиялық форвард қазандық клуб сапына 2020 жылы қосылды, оған дейін "Оренбургте" ойнады, ал орынборлық клубқа Қазақстан чемпионатынан барған.
Еске салайық, Деспотович "Астанада" 2016 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың маусымына дейін болды, осы командамен екі рет Қазақстан чемпионы атанды, ел Кубогі мен Суперкубогін иеленді, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Сонымен бірге, ол "Қайрат", "Тобыл" және "Жетісу" клубтарында өнер көрсеткен.
Жарнама