"Астана" Конференция лигасы топтық кезеңінде алғаш рет ұпай еншілей алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осы жарыстағы үшінші мачтін астаналық команда сырт алаңда косоволық "Балканиге" қарсы өткізді. Приштина қаласында өткен ойын 2:1 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды.
7-минутта Камо Оганесян есеп ашты, алайда бір минут өте сала алаң қожайындары сапынан Эдвин Куч есепті теңестіре алды.
23-минутта Григорий Бабаян жаттықтыратын команда қайтадан есепте алға шықты - Абзал Бейсебеков бұрыштан тебілген допты Энеа Количидің қақпасына дәл бағыттады.
Енді төртінші тур ойындары 9 қарашада өтеді. Ол күні "Астана" - "Балкани", "Виктория" (Пльзень) - "Динамо" (Загреб) командалары ойнайды.