"Астана" өз алаңында Польшаның "Ракувынан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Конференция лигасының екінші іріктеу айналымында "Ракувпен" кездескен елордалықтар бұл жолы да қарсыласынан басым түсе алмады. Есеп 0:1.
"Астана Аренадағы" жалғыз голды украиналық Владислав Кочергин салды.
Еске салайық, бір апта бұрын Польша жерінде Срджан Благоевич ойыншылары 5:0 есебімен ойсырай ұтылған еді. Осылайша, Қазақстанның алты дүркін чемпионы еурокубок турнирінен шығып қалды.