"Астана" футбол клубының шабуылшысы Фатос Бечирай маусым аяқталған соң елордалық командадан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Клуб тәжірибелі футболшымен келісімшартты созбайтын болды.
Черногориялық шабуылшы "Астана" сапына жазда қосылып, еурокубок ойындарында ұжымға көмектесуі керек еді. Алайда 33 жастағы ойыншы елордалық клуб сапында дұрыс ойнай алмады.
Жалпы ол Конференция лигасының іріктеуінде төрт кездесуге қатысып, бірде-бір нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. Сондай-ақ, Бечирай Қазақстан чемпионатында алтын ойынға шығып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Черногория құрамасында Бечирай 83 ойынға қатысып, 14 мәрте қанжығасын майлаған.